
Шымкент қаласында қоқыс жаққан азамат анықталды
2026 жылғы 30 қыркүйекте сағат 12:17 шамасында Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Қаһарман көшесінде орналасқан үйдің ауласында қоқыс қалдықтарының жануы дрон арқылы анықталды.
Анықталған ақпарат негізінде оқиға орнына 1 техника және 5 жеке құрам жіберілді. Аумақта шамамен 2 текше метр қоқыс қалдықтарының жанып түтегені анықталған.
Тексеру барысында, 1985 жылы туылған ер адамның қоқыс жаққандығы анықталды. Азаматтың кінәсін мойындауына байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 336-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Аталған азаматқа және көршілеріне қоқыс жағу дегеніміз өрттің тұрғын үйлерге таралуына, адам өмірі мен мүлкіне қауіп төндіріп қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екені түсіндірілді.
Қала аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өрт ошақтарын жедел анықтау мақсатында жалпы саны 16 дрон қолданылады. Заманауи технологиялардың көмегімен өрттің алғашқы белгілерін дер кезінде анықтап, оның өршуіне жол бермеу шаралары қабылдануда.









