
Қызылорда облысы ТЖД облыс аумағындағы азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған объектілерде жиындар өткізіп, қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Іс-шаралар барысында объектілердің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының негізгі талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар, объект басшыларына азаматтық қорғаныс саласындағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті ұйымдастырушылық іс-шараларды жүргізу және қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндірмелер берілді.








