Астанада авиация саласын дамыту және Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды

    Астанада авиация саласын дамыту және Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды

    7–8 қазанда Астана қаласында әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу (MRO), заманауи технологияларды енгізу және авиация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне арналған Central Asia MRO халықаралық іс-шарасы өтуде.

    Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған пленарлық сессия өтті.

    Пленарлық сессияны ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Ұлыбританияның сауда мәселелері жөніндегі министрі Анас Сарвар құттықтау сөздерімен ашты.

    Сессия барысында тараптар азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны одан әрі дамытудың перспективаларын, әуе қатынасын кеңейтуді, авиациялық инфрақұрылымды дамытуды, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу мәселелерін, заманауи технологияларды енгізуді, инвестициялар тарту және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады, сондай-ақ Қазақстандағы MRO нарығын дамытуға, отандық авиация мамандарының құзыреттерін арттыруға және авиация саласындағы жетекші халықаралық компаниялармен өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударылды.

    Қазақстан тарапы Ұлыбританиямен әріптестікті одан әрі нығайтуға және британдық авиакомпаниялар мен авиациялық кәсіпорындарды Қазақстандағы бірлескен жобаларды іске асыруға тартуға мүдделі екенін атап өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі" жаңалықтары