Қазақстан мен Оман әуе қатынасын дамыту үшін құқықтық негізді нығайтты

    Қазақстан мен Оман әуе қатынасын дамыту үшін құқықтық негізді нығайтты

    2026 жылғы 6 қазанда Астана қаласында Оман Сұлтаны Хайсам бен Тарик Әл Саидтің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында мемлекеттер басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтандығының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісіммен алмасу рәсімі өтті.

    Қазақстан тарапынан Келісімге Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, Оман тарапынан Оман Сұлтандығының Сыртқы істер министрі Бадр бин Хамад Әл-Бусаиди қол қойды.

    Келісім азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық негізін нығайтып, Қазақстан мен Оман арасындағы әуе қатынасын одан әрі дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер береді.

    Келісімді іске асыру Қазақстан мен Оман арасындағы сауда-экономикалық және іскерлік байланыстарды одан әрі дамытуға, инвестициялар тартуға, сондай-ақ туристік және мәдени ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі" жаңалықтары