Ұстаздың ұзақ жылғы еңбегі білім беру ұйымының кәсіби мәдениетін қалыптастырып, кейінгі буын педагогтер үшін тәжірибе мен өнегенің қайнар көзіне айналады.
«Қоскөл «мектеп-бөбекжай» кешені» КММ-де саналы ғұмырын педагогикалық қызметке арнап келе жатқан тәжірибелі мамандар:

Қодарова Забира Отарбайқызы - мектеп директоры, география пәнінің мұғалімі. Бір мекемедегі еңбек өтілі - 32 жыл.

Алтыбаев Бакытжан Гадилшиевич - көркем еңбек пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі - 35 жыл.

Кубаева Гульбану Кабаевна - бастауыш сынып мұғалімі. Еңбек өтілі - 31 жыл.

Максим Муханов - дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі - 37 жыл.

Машканова Бибигуль Талаповна - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі - 32 жыл.

Мейрамгуль Кенжегалиева Азербаевна - бастауыш сынып мұғалімі. Еңбек өтілі - 33 жыл.
Ал «Соналы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де:

Касайнова Шамшия Абаевна - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Бір мекемедегі еңбек өтілі - 32 жыл.

Әр педагогтің кәсіби жолы - білім беру жүйесіндегі сабақтастықтың бір көрінісі. Ұзақ жылдар бойы бір ортада еңбек ету арқылы ұстаз мектептің өткені мен бүгіні арасындағы алтын көпірге айналады.
Ұстаз еңбегінің уақытпен бірге жинақталған тәжірибесі - кейінгі ұрпаққа қалатын кәсіби мұра.

Бір мектептің тарихы - бір ұстаздың тарихы емес. Ол - талай жылдар бойы бірге қалыптасқан ұстаздар қауымының ортақ шежіресі.