Ұстаздық жол - уақытпен өлшенетін еңбек емес, ұрпақ жадында қалатын тағылым.

    Педагог мамандығы кәсіби білімді ғана емес, тұрақтылықты, ізденісті, жауапкершілікті және адамға деген құрметті талап етеді. Бір білім беру ұйымында ондаған жыл бойы еңбек ету - осы құндылықтардың өмірлік ұстанымға айналғанының айқын көрінісі.
    🏫 «Алакөл негізгі орта мектебі» КММ-де ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан педагогтер қатарында:
    🌿 Нурсултанов Каныбек Орахович - дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Бір мекемедегі еңбек өтілі - 33 жыл.
    🌱 Хасанова Гулмайра Сакеновна - бастауыш сынып мұғалімі. Бір білім ордасындағы еңбек жолы - 40 жыл.
    «Жамбыл «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені» КММ ұжымында да бірнеше онжылдықты қамтитын кәсіби тәжірибесі бар ұстаздар еңбек етеді.
    📖 Жуматов Азамат Кошкинбаевич - дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі - 34 жыл.
    🏃 Хабиев Жаулыбай Иман-Маликович - дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі - 31 жыл.
    🌸 Кабиева Нуржамал Исатаевна - бастауыш сынып мұғалімі. Еңбек өтілі - 37 жыл.
    Осындай ұзақ жылғы кәсіби жол - ұстаздың жеке жетістігімен қатар, білім беру ұйымының тарихымен сабақтасып жатқан құндылық.
    ⏳ 31, 33, 34, 37, 40 жыл...
    Бұл сандардың әрқайсысының артында күнделікті еңбек, үздіксіз ізденіс, талай шәкірттің мектеп табалдырығын аттауы мен үлкен өмірге қадам басуы тұр.
    Ұстаздыққа адалдық - бір мамандықты таңдау ғана емес, сол жолға бар ғұмырын арнау.
    💐 Еңбекке беріктік пен кәсіби сабақтастықты қалыптастырып келе жатқан педагогтерге құрметіміз шексіз!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы" жаңалықтары