
«Заң және тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның Шығыс Қазақстан облысының әкімі Сақтағанов Н.А. төрағалығымен өткен отырысына қатыстым.
Отырыс барысында кісі өлтіру мен қайталама қылмыстардың алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтарды тіркейтін стационарлық және мобильді кешендерді пайдалануды кеңейту, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану мәселелері қаралды.
Ойын-сауық орындарында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, алаяқтықтың, оның ішінде интернет-алаяқтықтың алдын алуға, сондай-ақ ТБН-4 жобасын іске асыру нәтижелеріне ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Заң және тәртіп» конституциялық қағидатын одан әрі іске асыру бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылады.









