Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі

    Өкілдік туралы

    Уәкілдің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің аумақтық бөлімшесі болып табылады. Өкілдің функционалдық міндеттерін уәкіл бекітеді. Өкіл тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Уәкілдің атынан өзінің функционалдық міндеттері шеңберінде және оның тапсырмасы бойынша өкілеттігін жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ашу

    Шығыс Қазақстан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының басшысымен бірлесіп «Өскемен қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-не мониторинг жүргізілді.

    Ашу

    09.10.2026 жылы Шығыс Қазақстан облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысымен бірлесіп, «Өскемен қаласының балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-не мониторингтік бару жүргіздім. Мониторингтік барудың негізгі мақсаты – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің мемлекеттік стандарттарының сақталуын тексеру, балалардың тұру жағдайларын, медициналық және әлеуметтік оңалтудың қолжетімділігін, сондай-ақ кедергісіз ортаның қамтамасыз етілуін бағалау. Балалар орталығы 1994 жылдан бері жұмыс істейді. Қазіргі уақытта мекеме Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қолдауға мұқтаж балалар мен жасөспірімдеріне кешенді күтім мен оңалту қызметтерін көрсетеді. Орталық психоневрологиялық патологиялары және тірек-қимыл аппараты бұзылыстары бар 18 жасқа дейінгі балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер, медициналық және әлеуметтік оңалту қызметтерін ұсынады.

    Ашу

    «Алтай» өңірлік телеарнасына Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Шығыс Қазақстан облысындағы өкілдігінің қызметіне қатысты сұхбат бердік.

    Ашу

    Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың өзекті мәселелері қаралған кеңеске қатыстым.

    Ашу

    ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің барынша жоғары қауіпсіздік мекемесі — №16 мекемесіне мониторингтік бару жүргіздім.

    Ашу

    ШҚО бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі жанындағы Сараптамалық кеңесте кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

    Хабарландыру

    «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

    Жарияланды: