ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің барынша жоғары қауіпсіздік мекемесі — №16 мекемесіне мониторингтік бару жүргіздім.

    ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің барынша жоғары қауіпсіздік мекемесі — №16 мекемесіне мониторингтік бару жүргіздім.

    ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің барынша жоғары қауіпсіздік мекемесі — №16 мекемесіне мониторингтік бару жүргіздім.

    Бару барысында сотталған адамдарды ұстау жағдайларымен, қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, санитариялық-тұрмыстық жағдайлармен, тамақтандыруды ұйымдастырумен, медициналық қызмет көрсетумен, еңбек және демалыс жағдайларымен таныстым.

    Қазіргі уақытта мекемеде шатыр жабындысын ауыстыру, жылыту радиаторларын орнату, жасақтардағы үй-жайларды жөндеу бойынша ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ клуб ғимараты мен ескі моншаны бұзу, жылу желілерін жерүсті орналастыруға көшіру және сумен және жылумен жабдықтау схемасын қайта қарау жоспарлануда.

    P.S.

    Қазақстан Республикасындағы қылмыстық-атқару жүйесінің (ҚАЖ) барынша жоғары қауіпсіздік мекемелерінде ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған, сондай-ақ қылмыстарды қайталап жасаған адамдарға бас бостандығынан айыру түріндегі жазалар орындалады.

    Режим және қауіпсіздік: Құқықтық тәртіпті сақтау, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзудың жолын кесу.
    Еңбек және оқыту: Қауіпсіздік режимінің талаптарын ескере отырып, сотталғандарды ақылы еңбекке және кәсіптік оқытуға тарту.
    Тәрбие жұмысы: Жазасын өтеп жатқан адамдарды түзеуге және әлеуметтендіруге бағытталған әлеуметтік-психологиялық жұмыстарды жүргізу.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі" жаңалықтары