
ШҚО бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі жанындағы Сараптамалық кеңесте кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.
Атап айтқанда, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылық, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы есірткіге тәуелділік мәселелері қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленіп, уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданатын болады.









