
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың өзекті мәселелері қаралған кеңеске қатыстым.
Талқылау барысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың жай-күйі, қылмыстың жекелеген түрлерінің өсуіне ықпал ететін факторлар, сондай-ақ олардың алдын алу және қылмыс жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шаралар қаралды.
Кәмелетке толмағандар арасындағы есірткіге тәуелділік жағдайына, оның таралуына ықпал ететін факторларды анықтауға, сондай-ақ есірткі заттарын тұтынудың алдын алуға және олардың жастар арасында таралуына қарсы бағытталған профилактикалық шараларға ерекше назар аударылды.
Талқылау қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен кешенді шараларды қабылдаудың маңыздылығы атап өтілді.








