Қордай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «GAZTRANSAIMAQ» мамандары және жергілікті электр станцияларының қызметкерлерімен бірлесіп, жылыту маусымына дайындық бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізді. Тұрғындарға газ және электр құрылғыларын қауіпсіз пайдалану, жылыту пештерінің жарамдылығын тексеру, электр желілеріне шамадан тыс күш түсірмеу қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар мұржаларды уақытылы тазалау, пеш алдына жанбайтын төсеніш қою және жанғыш заттарды жылыту құрылғыларының жанына орналастырмау ескертілді.
Жамбыл облысы ТЖД