Жұмыссыздыққа тіркелу 13 күнге дейін ұзартылды

    Жұмыссыздыққа тіркелу 13 күнге дейін ұзартылды

    1 қазаннан бастап жұмыс іздеп жүрген азаматтарға лайықты жұмыс табу тәсілі жетілдіріледі. Бұған дейінгі тәртіппен салыстырғанда мансап орталығы мамандарына азаматқа сәйкес жұмыс орнын іздеуге көбірек уақыт беріледі. Мерзім 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.

    Осы кезеңде мамандар жұмыс іздеушінің білімі, еңбек өтілі мен кәсіби дағдыларын жан-жақты зерделеп, соған сәйкес бос жұмыс орындарын ұсынады. Қажет болған жағдайда жұмыс берушілермен тікелей байланысып, азаматты жұмысқа орналастыруға ықпал етеді.

    Егер азаматқа лайықты жұмыс 13 күн мерзімі аяқталғанға дейін табылса, белгіленген мерзімді күтудің қажеті жоқ. Бұдан бөлек, азаматқа тек бос жұмыс орындары ұсынылып қана қоймай, оның қажеттілігіне қарай кәсіптік оқуға қатысу, субсидияланатын жұмыс орнына орналасу және жұмыспен қамтудың басқа да шаралары ұсынылады.

    Жұмыс іздеушілер үшін алғашқы қадам – жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу. Бұл үшін азамат мансап орталығына жүгіне алады немесе eGov және Электрондық еңбек биржасы – Enbek.kz порталы арқылы онлайн тіркеле алады.

    Бұл енгізіліп жатқан өзгерістердің негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдауды нақты мұқтаж отбасыларға бағыттау және жұмыс іздеп жүрген азаматтарға жеке қажеттілігіне сәйкес еңбек нарығына шығуға тиімді жағдай жасау.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» КММ" жаңалықтары