ҚҰРМЕТ – ҚАРТТАРҒА, ҚОЛДАУ – ЕЛГЕ

    ҚҰРМЕТ – ҚАРТТАРҒА, ҚОЛДАУ – ЕЛГЕ

    Халықаралық қарттар күні қарсаңында округ әкімі ауылымыздың тумасы, елге сыйлы жан Маман Нұрлан Қаблақатқызының шаңырағына арнайы барып, Алғыс хатын табыстады.

    Маман Нұрлан Қаблақатқызы – туған жерінің дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген жан. Қазіргі таңда ол ауылымызда ашылғалы отырған «Шаңырақ-2026» кооперативінің басшысы ретінде ауыл экономикасының дамуына өз үлесін қосуда.

    Туған жердің өркендеуіне атсалысып, ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген Маман Нұрлан Қаблақатқызына алғысымызды білдіреміз.

    Деніңізге саулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге береке тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Екпінді ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары