Шымкентте әйелдер мен отбасыларды қолдау мәселелері талқыланды

    1 / 5

    Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің төрағалығымен қала әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

    Жиында әйелдерді, оның ішінде көпбалалы аналарды әлеуметтік қолдау, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық науқаны аясында атқарылатын жұмыстар қаралды.

    Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде қала аудандарында жүзеге асырылып жатқан шаралардың барысы талқыланды.

    Отырыс қорытындысы бойынша жауапты басқармалар мен аудан әкімдерінің орынбасарларына тиісті бағыттар бойынша нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылау қажеттігі атап өтілді.

    Отбасының берекесі мен тұрақтылығы – қоғам дамуының маңызды негізі. Осы ретте әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға жан-жақты көмек көрсету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» КММ" жаңалықтары