Құтқарушылар балалар қолөнері байқауының қорытындысын шығарды

    Құтқарушылар балалар қолөнері байқауының қорытындысын шығарды

    Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары өрт қауіпсіздігі айлығы аясында Балалар шығармашылығы үйінің тәрбиеленушілері арасында қолөнер байқауын ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақ арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

    Балалар өз шығармалары арқылы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын көрсетті. Жас қатысушылар жоғары шеберліктерін танытып, өрттің алдын алуға арналған ерекше композициялар, өрт сөндіргіштер, өрт қалқандары және қауіпсіздік тақырыбындағы түрлі материалдардан макеттер жасады.

    Байқау жеңімпаздары:

    1 орын – Ақбота Қабаеваның жұмысы – өрт қалқаны.

    2 орын – Камелия-Милеана Аристованың қолөнер жұмысы – өрт сөндіргіш.

    3 орын – Ясмина Аскарбекованың жұмысы – өрт гидранты бейнеленген картина.

    Жеңімпаздарды ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Еңсегенов құттықтап, жүлделерін табыстады.

    «Іс-шараның басты нәтижесі – қатысушылардың кішкентай кезінен қауіпсіздік мәселелерін бағалауды, өрт сөндірушілердің еңбегін құрметтеуді және өрттер мен жазатайым оқиғалардың алдын алуға көмектесетін ережелерге саналы түрде қарауды үйренуі», – деп атап өтті Амангелді Еңсегенов.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары