Сарысу ауданында «Ашық есік күні» өтті

    Сарысу ауданында «Ашық есік күні» өтті

    Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Жаңатас қаласындағы №16 өрт сөндіру бөлімінде Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларына арналған «Ашық есік күнін» ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушылар өрт сөндіру бөлімінің күнделікті қызметімен танысып, құтқарушылардың жұмысы туралы ақпарат алды. Сондай-ақ арнайы өрт сөндіру техникасы мен құрал-жабдықтары көрсетіліп, олардың қолданылу тәртібі түсіндірілді. Кездесу кезінде балаларға өрт қауіпсіздігі талаптары, төтенше жағдай кезіндегі дұрыс әрекет ету тәртібі және қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде пайдалы кеңестер берілді.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары