КТС бойынша аванстық төлемдер шегі

    КТС бойынша аванстық төлемдер шегі
    Сіздің жағдайыңыз:
    КТС бойынша аванстық төлемдер мен бір жылға есептелген КТС сомасы арасындағы арақатынасты сақтау.
    КТС бойынша аванстық төлемдерді төлеуші болып табылатын заңды тұлғалар салық кезеңі ішінде КТС болжамды сомасы негізінде аванстық төлемдер сомасын айқындайды. Бұл ретте жыл қорытындысы бойынша КТС іс жүзіндегі сомасы елеуі түрде ұлғайған жағдайда іс жүзінде есептелген КТС есептелген аванстық төлем сомасынан 20 пайыздан астам сомаға асып кетуінің туындауы мүмкін, бұл Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 278-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
    Қалай түзетуге болады?
    Салық кодексінің 350 бабы 4-тармағына сәйкес салық төлеушілер ағымдағы салықтық кезеңде корпоративтік табыс салығының сомасы негіз ала отырып КТС бойынша аванстық төлемдердің қосымша есебін ұсынуға құқылы. Мұндай есепесепті салықтық кезеңінің 31 желтоқсанынан кешіктірілмей ұсынылады.
    Осылайша, ҚР ӘҚБтК-нің 278-бабының үшінші бөлігінде көзделген асып кетуге жол бермеу мақсатында салық төлеушіге салықтық кезең ішінде КТС-тің болжамды сомасын бағалап, қажет болған жағдайда Салық кодексінің 350-бабында белгіленген тәртіппен қосымша есеп ұсыну арқылы аванстық төлемдер мөлшерін түзету ұсынылады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары