Еріктілердің қауіпсіздік саласындағы білімі арттырылды

    Еріктілердің қауіпсіздік саласындағы білімі арттырылды

    Жылыту маусымының басталуына орай Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «Әділет жастары» және «Жібек жолы жастары» еріктілерімен профилактикалық кездесу өткізді. Кездесу барысында еріктілерге тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, өрттің алдын алу және жылыту маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар жер сілкінісі кезіндегі дұрыс іс-қимыл, төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережелері және алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібі түсіндірілді. Кездесудің негізгі мақсаты - еріктілердің қауіпсіздік саласындағы білімін арттырып, тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстарды тиімді жүргізуге тарту.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары