
ҚЫМБАТТЫ СЕМЕЙЛІКТЕР!
Баршаңызды туған қаламыз — Семейдің күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тарихы тереңде жатқан, рухани астанамыз атанған Семей қаласы — әрқайсымыз үшін қасиетті мекен.
Ежелден ғылым мен өнердің, ұлы тұлғалардың ошағы болған бұл шаһар жыл сайын көркейіп, жаңарып келеді.
Бұл – баршамыздың ортақ еңбегіміз бен туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігіміздің жемісі.
Осынау айтулы мерекеде әрбір шаңыраққа амандық, құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін.
Туған қаламыз гүлденіп, әрбір тұрғыны бақытты да алаңсыз өмір сүрсін!
Ізгі тілекпен, Еркен Сагандыков









