Аппараттық кеңесте өзекті мәселелер қаралды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Аппараттық кеңесте өзекті мәселелер қаралды

    Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Карентаевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиында әлеуметтік қолдау, ауыл шаруашылығы және ақпараттандыру бағытындағы жұмыстар қаралды.

    Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық Отбасын қолдау орталығының директоры Абдығали Абдразақов баяндама жасап, ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанына арналған жоспардың орындалу барысын таныстырды.

    Көктемгі дала жұмыстарының қорытындысы туралы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ернұр Надигужин есеп берді. Аталған бағытта атқарылған жұмыстар мен олардың нәтижелері талқыланды.

    Сондай-ақ Мойынқұм медиа орталығының басшысы Айдос Қосыбаев ауыл, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларының ресми сайттары және әлеуметтік желідегі парақшаларының жүргізілу барысы туралы баяндады. Тұрғындарды атқарылып жатқан жұмыстардан уақтылы хабардар ету, ресми ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету және ақпараттық жұмыстың жүйелілігі мәселелері қозғалды.

    Кеңес барысында аудан әкімі көтерілген мәселелер бойынша жауапты басшыларға нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалу мерзімдерін бекітті. Ермек Карентаев тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары