Заңға құрмет – мектептен басталатын тәрбие

    1 / 5

    Шығанақ орта мектебінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Заң үстемдігі – әділетті қоғамның негізі» тақырыбында кездесу өтті. Аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Төлеулиев мұғалімдермен және оқушылармен жүздесіп, қоғамдағы заңдылық пен тәртіптің маңызы туралы әңгімелесті.

    Кездесудің негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және азаматтық жауапкершілігін нығайту. Өз құқығын білу, міндеттерін түсіну және өзгенің құқығына құрметпен қарау – жас ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігі.

    Жиын барысында заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды. Әрбір азаматтың заң алдындағы жауапкершілігі мен қоғамдық тәртіпті сақтаудағы рөліне ерекше назар аударылды. Заң талаптарын орындау күнделікті өмірдегі саналы әрекеттен, мектеп ережелерін сақтаудан және айналадағы адамдарға құрмет көрсетуден басталатыны сөз болды.

    Құқықтық мәдениетті қалыптастыруда мектеп пен отбасының орны айрықша. Баланың бойына адалдық, әділдік және жауапкершілік қасиеттерін сіңіру оның болашақта саналы азамат болып қалыптасуына негіз болады. Сондықтан құқықтық тәрбие білім берумен қатар жүретін тұрақты жұмыс болуы қажет.

    Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды. Ашық әңгіме жастарға құқықтық мәселелер жөнінде ой бөлісуге және заң мен тәртіптің күнделікті өмірдегі маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

    Заң үстемдігі орныққан қоғамда адамның құқығы қорғалып, жауапкершілік пен өзара құрмет нығаяды. Ал осы құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру – әділетті қоғам қалыптастыру жолындағы ортақ міндет.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мойынқұм ауданының әкімдігі" жаңалықтары