Жетісу облысы Полиция департаментінің жол-техникалық инспекциясы қызметкерлері автомобиль жолдарын күтіп-ұстауға жауапты мекемелердің өкілдерімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесуге «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жетісу облыстық филиалының, «ҚАЖСЕРВИС» мекемесінің, Төтенше жағдайлар департаментінің, сондай-ақ Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері қатысты.
Жиын барысында автомобиль жолдарын қысқы маусымға дайындау, қолайсыз ауа райы жағдайларында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, қыс мезгілінде жолдарды күтіп-ұстауға арналған арнайы техникалардың дайындығы, көктайғаққа қарсы қолданылатын материалдардың, оның ішінде құм-тұз қоспасының жеткілікті қорының болуы назарға алынды.
Кездесу қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге жолдардың қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, ауа райы күрт нашарлаған жағдайда жедел әрекет ету және өзара іс-қимылды күшейту бойынша тиісті міндеттер айқындалды.
Полиция департаменті жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың тұрақты бақылауда екенін атап өтеді.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу – басты басымдықтардың бірі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









