Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері әкімдік, прокуратура және басқа да уәкілетті органдардың өкілдерімен бірлесіп, кәсіпкерлермен профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесу барысында алкоголь өнімдерін сату тәртібін сақтау, белгіленген уақыттан тыс сауда жасауға және кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін сатуға жол бермеу мәселелері талқыланды.
Полиция қызметкерлері кәсіпкерлерге заң талаптарын түсіндіріп, оларды бұзғаны үшін көзделген әкімшілік жауапкершілік туралы ескертті.
Сонымен қатар алкогольдік масаң күйде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында полиция құқық бұзушылықтардың алдын алу және кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









