Ақмола облысы білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығы Щучинск қаласындағы №4 ЖББМ базасында «Отбасы болу өнері» тақырыбында ата-аналар конференциясын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту , ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру және тиімді тәрбие әдістерімен тәжірибе алмасу.
Конференцияға ата-аналар, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Тақырыптық секциялар аясында бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас, өзара түсіністік, сенім және эмоционалдық қолдау мәселелері талқыланды.
Конференция жылы әрі жағымды атмосферада өтті. Қатысушылар белсенділік пен жоғары қызығушылық танытып, талқылауларға еркін араласты, өз тәжірибелерімен бөлісіп, бір-біріне қолдау көрсетті. Іс-шара эмоционалды әрі мазмұнды өтті!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









