Ақмола облысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға арналған тағы үш кабинет ашылды. Оның екеуі Қорғалжын ауданында, біреуі Қосшы қаласында жұмысын бастады.
Жаңа кабинеттер жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беру жағдайында оқитын балаларға қолдау көрсететін маңызды кеңістікке айналады. Мұнда әр баланың дамуына, білім алуына, әлеуметтенуіне және жеке қабілеттерін ашуына қосымша мүмкіндіктер жасалған.
«Биыл облыстық бюджеттен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау бағытында 30 кабинетті ашуға 375 млн теңге бөлінді. Бүгінгі таңда оның 23-і ашылды, қалған 7 кабинет жақын арада ашылады»,- деп айтты Ақмола облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімінің бас маманы Мақпал Қалиякбарова.
Қазіргі уақытта облыста барлығы 151 қолдау кабинеті жұмыс істейді. Онда шамамен 3 мың жуық бала қамтылған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







