Шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» республикалық өнер байкауының облыстық кезеңінің қорытындысы

    1 / 6

    Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2026 жылғы 22-23 қазан аралығында Көкшетау қаласында 8-11 сынып оқушыларына арналған шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңін өткізді.

    Байқаудың мақсаты – қазақ тілі мен ұлттық өнерді құрметтейтін, шығармашылық ойлайтын, ойын дәлелді әрі көркем жеткізе алатын дарынды оқушыларды анықтау, қолдау және олардың шығармашылық дамуына жағдай жасау.

    Байқаудың міндеттері:

    оқушылардың шешендік, әдеби, ақындық және орындаушылық қабілеттерін дамыту;

    қазақтың шешендік, поэзиялық және музыкалық мұрасын насихаттау;

    оқушылардың сыни, шығармашылық және дербес ойлау дағдыларын жетілдіру;

    сөз мәдениетін, әдеби талғамды және қоғамдық пікірталас әдебін қалыптастыру;

    авторлық құқықты құрметтеу, академиялық адалдық және жасанды интеллектіні жауапты пайдалану мәдениетін орнықтыру;

    шығармашыл оқушылардың тәжірибе алмасуына және кәсіби бағдарлануына мүмкіндік беру.

    Байқау 6 номинация бойынша өткізілді:

    Шешендік өнер және сөз сайысы;

    Көркемсөз оқу өнері;

    Эссе және әдеби ойлау;

    Ұлттық аспапта орындау;

    Ақындар айтысы;

    Ақындар мүшәйрасы.

    Байқаудың қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен келесі жүлдегерлер марапатталды:

    «Көркемсөз оқу өнері» номинациясы бойынша Анарбек Тұлпар — Целиноград ауданы, Қоянды ауылының мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.

    «Шешендік өнер және сөз сайысы» номинациясы бойынша Жанұзақ Ажар — Көкшетау қаласы, Абай атындағы №3 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы.

    «Эссе және әдеби ойлау» номинациясы бойынша Жуманова Аружан — Аршалы ауданы, Абай атындағы Бұлақсай ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.

    «Ұлттық аспапта орындау» номинациясы бойынша Сансызбай Әли —Біржан сал ауданы, Құдықағаш ауылының Р. Елебаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы.

    «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша Қапыш Аярыс — Қосшы қаласының ІТ мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.

    «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша Айвек Иманғали — Аршалы ауданы, Сарыоба ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.

    Байқаудың қорытындысы бойынша ІI-дәрежелі дипломмен марапатталды:

    «Ұлттық аспапта орындау» номинациясы бойынша Сапар Жанерке — Аршалы ауданы, Жібек жолы кентінің мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы.

    «Ұлттық аспапта орындау» номинациясы бойынша Амангелді Әділжан — Қосшы қаласының Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы.

    «Көркемсөз оқу өнері» номинациясы бойынша Ершан Зерде — Шортанды ауданы, Новокубанка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.

    «Шешендік өнер және сөз сайысы» номинациясы бойынша Хумархан Нұрсұлтан — Бұланды ауданы, Никольск ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.

    «Эссе және әдеби ойлау» номинациясы бойынша Аяпберген Аружан — Бұланды ауданы, Макинск қаласының мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы.

    «Эссе және әдеби ойлау» номинациясы бойынша Жартай Жаным — Степногорск қаласының Қ. Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.

    «Шешендік өнер және сөз сайысы» номинациясы бойынша Қазис Әділхан — Степногорск қаласындағы №4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

    «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша Серікбай Айым — Бурабай ауданы, Iqanat High School of Burabay мектебінің 9-сынып оқушысы.

    «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша Серік Аяна — Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №9 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы.

    «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша Оразбай Мұнар — Көкшетау қаласының №14 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы.

    «Көркемсөз оқу өнері» номинациясы бойынша Қаратай Алдияр — Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.

    Байқаудың қорытындысы бойынша ІII-дәрежелі дипломмен марапатталды:

    «Ұлттық аспапта орындау» номинациясы бойынша Үмітхан Ибраһим — Бурабай ауданы, Атамекен ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.

    «Ұлттық аспапта орындау» номинациясы бойынша Ерболов Хамза — Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.

    «Ұлттық аспапта орындау» номинациясы бойынша Шоқанқызы Айзере — Целиноград ауданы, Қызылжар ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.

    «Шешендік өнер және сөз сайысы» номинациясы бойынша Кайратова Каусар — Астана қаласы, №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.

    «Шешендік өнер және сөз сайысы» номинациясы бойынша Беркінбай Мейірім — Шортанды ауданы, Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы.

    «Шешендік өнер және сөз сайысы» номинациясы бойынша Дюсен Амина — Зеренді ауданы, Қызылсая ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.

    «Эссе және әдеби ойлау» номинациясы бойынша Қадысқызы Меруерт — Бурабай ауданы, Атамекен ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.

    «Эссе және әдеби ойлау» номинациясы бойынша Аскербек Аяулым — Сандықтау ауданы, Жыланды ауылының негізгі орта мектебінің 9-сынып оқушысы.

    «Эссе және әдеби ойлау» номинациясы бойынша Сатыбалды Ұлту — Бурабай ауданы, Iqanat High School of Burabay мектебінің 11-сынып оқушысы.

    «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша Алпыс Ілесбек — Ерейментау ауданы, Олжабай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.

    «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша Самет Жансая — Жақсы ауданы, Ешім ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.

    «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша Жаналы Самат — Көкшетау қаласы, Абай атындағы №3 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы.

    «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша Бақыт Рүстем — Целиноград ауданы Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы.

    «Көркемсөз оқу өнері» номинациясы бойынша Карина Іңкәр —Жақсы ауданы, Жаңа Қима ауылының Ғ. Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.

    «Көркемсөз оқу өнері» номинациясы бойынша Өндіріс Әмірхан — Степногорск қаласы, №4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

    «Көркемсөз оқу өнері» номинациясы бойынша Аралбай Аягөз — Бурабай ауданы, Iqanat High School of Burabay мектебінің 10-сынып оқушысы.

    Байқаудың қорытындысы бойынша грамотамен марапатталған:

    «Шешендік өнер және сөз сайысы» номинациясы бойынша Шернияз Сафуаят — Целиноград ауданы, Қараөткел ауылының мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы.

    «Эссе және әдеби ойлау» номинациясы бойынша Рат Эльназ — Зеренді ауданы, Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.

    «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша Абдуразақ Иманғали — Қосшы қаласының ІТ мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.

    «Ұлттық аспапта орындау» номинациясы бойынша Қойшыбай Аруза — Жақсы ауданы, Ешім ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.

    «Көркемсөз оқу өнері» номинациясы бойынша Мұрат Даурен — Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!!!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының білім басқармасы" жаңалықтары