«Игі істер автобусы»: ауылға көмек, елге құрмет

    1 / 5

    Атбасар қаласындағы Аграрлық-индустриялық колледждің оқытушылары мен студенттері «Игі істер автобусы» акциясы аясында Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылына барды. Игі бастама аясында ауылдың қарт тұрғындарына атаулы көмек көрсетіліп, түрлі кәсіби қызметтер ұсынылды.

    Т. А. Ляминаның жетекшілігімен колледж еріктілері 1939 жылы туған зейнеткер Иван Кузьмич Човган мен 1947 жылы туған Галина Васильевна Эйштедердің үйлерінің маңындағы ауласын тазартып, тәртіпке келтірді.

    Э-32 тобының студенті Валерий Реченко өндірістік оқыту шебері С. К. Баймуканованың жетекшілігімен қарт тұрғындардың электр ақауларын жоюға қатысты бес өтінішін орындады.

    Өндірістік оқыту шебері А. Р. Лях пен П-34 тобының студенті Анастасия Вебер шаштараз қызметін көрсетіп, 15 адамның шашын қиды. Ал бағдарламашы Қайролла Уатхан ауылдық округ мамандарына бағдарламалық жасақтама мен цифрлық сервистерді пайдалану мәселелері бойынша кеңес берді.

    Айта кету керек, аймақ колледждерінің қызметкерлері мен студенттері «Игі істер автобусы» акциясы аясында тұрақты түрде жалғыз басты қарт адамдарға бақша өнімдерін жинауға, ауланы қардан тазарту, үй жанындағы учаскелерді жинастыруға көмек көрсетеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының білім басқармасы" жаңалықтары