ҚұрметтіҚонаев қаласының тұрғындары және қонақтары!
Сіздерді ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Республика күні – еліміздің мемлекеттілік жолындағы тарихи маңызы зор, ел бірлігі мен тәуелсіздік құндылықтарын айшықтайтын ерекше мереке.
Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке және еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз. Еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығы нығайып, Қазақстанның болашағы жарқын болсын!
Республика күні құтты болсын!






