1 / 3
Кызылжар жалпы білім беретін орта мектебінде бала тәрбиесіндегі әкенің рөліне арналған «Ұлағат» әкелер форумы өтті. Шараға ауыл ақсақалдары, ардақты аталар, әкелер мен педагогтер қатысты.
Мәртебелі қонақтар: Ә. Ысқақ, К. Бекдайыр Нығметұлы, А. Мақсұтбек Дүйсенбекұлы, К. Жалғас Хайроллаұлы, Т. Спатай, К. Олжас Хайроллаұлы.
Басқосуда ұлттық құндылықтар, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және отбасы мен мектептің бірлескен жауапкершілігі талқыланды. Қонақтар өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, әкенің жеке үлгісі бала тәрбиесіндегі ең басты фактор екенін атап өтті.
Әке – отбасының тірегі, баланың үлгісі және болашақ ұрпақтың негізі!
Барлық қатысушыларға тағылымды кездесу үшін шынайы алғыс білдіреміз!









