Ақмола облысында үздік психологтар анықталды

    1 / 7

    Ақмола облысында педагог-психологтардың кәсіби шеберлігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында «Ең үздік психолог» облыстық байқауы өтті.

    Облыстық кезеңге өңірдің білім беру ұйымдарынан 30 педагог-психолог қатысты. Олар аудандық және қалалық іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша үздік деп танылған мамандар.

    «Қатысушылар еңбек өтіліне қарай үш санат бойынша бақ сынады: I санат– жұмыс өтілі 3-5 жыл, II санат – жұмыс өтілі 5-7 жыл, III санат – жұмыс өтілі 7 жылдан астам психологтар. Бұл әртүрлі тәжірибесі бар мамандарға өздерінің кәсіби дағдылары мен әдістемелік әзірлемелерін көрсетуге мүмкіндік берді», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.

    Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды:

    I санатта:

    II орын – Александра Олеговна Ваховская, Степногорск қаласының А.С. Пушкин атындағы № 3 КМЛ педагог-психологі;

    III орын - Динара Кайратовна Айтжанова, Ақкөл ауданы Азат ауылының ЖОББМ педагог-психологі;

    II санатта:

    III орын –Динара Бауржановна Бермагамбетова, Біржан сал ауданы Кенащы ауылының ЖОББМ;

    III санатта:

    II орын – Ирина Александровна Ракович, Жақсы ауданы Лозовое ауылының ЖОББМ педагог-психологі;

    III орын - Марфуга Амангалиевна Жумабаева, Буланды ауданы Айнакөл ауылының ЖОББМ педагог-психологі.

    Сонымен қатар, арнайы номинациялар бойынша да жеңімпаздар анықталды:

    «Кәсіби шеберлік» номинациясы бойынша - Шолпан Амангельдиновна Жусупова, Жарқайың ауданы Державин қаласының «Шаңырақ» бөбекжайының педагог-психологі;

    «Практик-новатор» номинациясы бойынша - Айдана Курмангалиевна Сембиева, Аршалы ауданы Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы ЖОББМ педагог-психологі;

    «Жыл серпіні» номинациясы бойынша - Гаухар Садуакасовна Базарова, «Дарын» № 2 мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының педагог-психологі.

    Байқау қатысушыларға тәжірибе алмасып, жаңа әдістермен танысуға мүмкіндік берді. Мұндай шаралар педагог-психологтардың кәсіби дамуына және балаларға көрсетілетін психологиялық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының білім басқармасы" жаңалықтары