ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ АРҚЫЛЫ 22 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖАС МАМАН ЕҢБЕК ЖОЛЫН БАСТАДЫ

    Қазақстанда жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған жастар практикасы бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2026 жылғы 28 қазандағы жағдай бойынша бағдарлама аясында 21 981 жас маман жұмысқа орналастырылды. Жыл соңына дейін қатысушылар санын 25 мың адамға жеткізу жоспарланған.

    Жастар практикасы түлектерге алған мамандығы бойынша алғашқы еңбек тәжірибесін жинауға, теориялық білімін іс жүзінде шыңдап, кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бағдарлама жас мамандардың жұмыс берушілер талаптарына бейімделуіне көмектесіп, болашақта тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады.

    Бағдарламаға қатысушылардың 50,6%-ы жоғары оқу орындарының, 45%-ы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері. Ал 67,6%-ын әйелдер құрайды.
    Жас мамандардың басым бөлігі білім беру саласына – 48%, денсаулық сақтау саласына – 35% жұмысқа орналастырылды.

    Жастар практикасы түрлі мамандықтарды қамтиды. Атап айтқанда, мейіргер мамандығы бойынша 2 013 адам, техник-бағдарламашы мамандығы бойынша 853 адам, дене шынықтыру және спорт мұғалімі ретінде 776 адам, заңгер – 742 адам, шет тілі мұғалімі мамандығына 731 адам, фельдшер ретінде 675 адам, тәрбиеші ретінде 607 адам және аспаз мамандығына 601 адам жұмысқа орналасты.

    Жастар практикасына кімдер қатыса алады?

    Бағдарламаға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының 35 жастан аспаған, жұмыссыз ретінде тіркелген түлектері қатыса алады.

    Қатысудың негізгі шарттары бойынша түлектің оқу орнын бітіргеніне бес жылдан аспауы және алған кәсібі немесе мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі болмауы қажет.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары