Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні аталып өтті

    1 / 4

    Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған іс-шара өтті.

    Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол олардың еңбегін, жоғары кәсібилігін және өңір тұрғындарын қолдауға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

    Әлеуметтік қорғау – мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілігін көрсететін маңызды салалардың бірі. Оның басты міндеті – өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсету, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және лайықты өмір сүруге жағдай жасау.

    Облыста қарт адамдарға, мүгедектігі бар азаматтарға, көпбалалы отбасыларға және қолдауды қажет ететін халықтың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек көрсетіледі. Әрбір көрсетілген қызметтің артында мамандардың күнделікті еңбегі, жауапкершілігі, сабырлылығы мен адамдарға деген жанашырлығы тұр.

    Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Б. К. Қизатов қатысты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары