Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі – Республика күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік инспекция департаментінің басшысы Б. Қизатов департамент ұжымын мерекемен құттықтады.
Құттықтау барысында Республика күнінің еліміздің тарихындағы айрықша орны, тәуелсіздіктің қадір-қасиеті мен мемлекеттілікті нығайтудағы маңызы атап өтілді. Бұл мереке – халқымыздың бірлігі мен ынтымағын, отансүйгіштік рухын және Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімін білдіретін маңызды күн.
Департамент басшысы ұжым мүшелеріне адал еңбектері мен мемлекеттік қызметті жүзеге асыру жолындағы жауапты жұмыстары үшін алғысын білдіріп, алдағы қызметтеріне табыс тіледі. Сонымен қатар, әрбір қызметкердің кәсіби жауапкершілігі мен ортақ іске қосқан үлесі мекеменің тиімді жұмыс істеуіне ықпал ететіні атап өтілді.
Мерекелік құттықтау соңында Б. Қизатов ұжым қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, бақ-береке және еңбектеріне толағай табыс тіледі.
Республика күні – елдігімізді айқындайтын, тәуелсіздігімізді дәріптейтін және ұлттық бірлігімізді нығайтатын маңызды мереке. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!









