⚜️ ТАҒАЙЫНДАУ
“Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі” КММ-ның 03.11.2026 жылғы № 139 бұйрығына сәйкес Байниязов Нұрлыбек Еркінұлы Талдық негізгі орта білім беретін мектебінің директоры қызметіне конкурс негізінде тағайындалды.
Байниязов Нұрлыбек Еркінұлы 1989 жылы Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Аққұм ауылында дүниеге келді.Педагог-сарапшы. Жоғары білімді, 2011 жылы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмәмдаған.
Еңбек жолын аудандық «Жаңалық жаршысы» бастаған. Әскери борышын өтеп келгеннен кейін,
2013 -2014 жылы Аққұм орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2015 -2016 жылы облыстық балалар үйінде тәрбиеші.
2016-2018 жылы Белқопа орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2018-2024 жылдары Аққұм негізгі мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2024-2025 оқу жылында Ақтөбе индустриялды кәсіптік колледжінде оқытушы қызметін атқарды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.




