2026 жылғы 31 қазан мен 2 қараша аралығында Жамбыл облысы, Тараз қаласында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты IX республикалық интеллектуалдық байқауы өтті.
Байқауға Ақмола облысынан 5 оқушы қатысты:
«Өлкемнің цифрлық шежіресі» номинациясы бойынша Сембаева Айым — Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылының мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы;
«Бір жәдігер – бір тарих» номинациясы бойынша номинациясы бойынша Изкен Інкәр— Целиноград ауданы, Софиевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
«Тұлға және дәуір: цифрлық тарихи портрет» номинациясы бойынша Ергали Асанали —Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы ІТ мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
«Ақылды өлке: болашаққа арналған шешім» номинациясы бойынша Аскерова Салтанат— Көкшетау қаласының Абай атындағы № 3 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы;
«Ақылды өлке: болашаққа арналған шешім» номинациясы бойынша Ережепов Санжар — Көкшетау қаласының Абай атындағы № 3 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау екі кезең бойынша ұйымдастырылып, қатысушылар туған өлкенің тарихы, мәдени мұрасы мен даму ерекшеліктеріне арналған зерттеу және цифрлық жобаларын ұсынды.
Байқау қорытындысында Ақмола облысының үш оқушысы III дәрежелі дипломмен марапатталды. Атап айтқанда, Сембаева Айым, Аскерова Салтанат және Ережепов Санжар жүлделі орындарға ие болды. Оқушылар «Көкшетау аялдамалары арқылы қала тарихын танытатын цифрлық платформа» және «Қорғалжын ғасыр куәсі» атты жобаларын ұсынды.
Байқау жас зерттеушілердің туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттырып, олардың білімдері мен шығармашылық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік берді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









