Еңбегі еленген ұстазға – жоғары марапат

    1 / 2

    Успен ауданының білім бөлімі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Темербулатова Светлана Дмитриевнаны Ыбырай Алтынсарин атындағы медальмен марапатталуымен шын жүректен құттықтайды!

    Құрметті марапатты Успен ауданының білім бөлімінің басшысы Есен Өмірбайұлы Инербаев табыстады.

    Ыбырай Алтынсарин атындағы медаль – жоғары кәсібиліктің, көп жылғы адал еңбектің, білім беру жүйесін дамытуға, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан елеулі үлестің лайықты бағасы.

    Білім бөлімі Светлана Дмитриевнаға мамандығына деген адалдығы, жауапкершілігі және жемісті педагогикалық қызметі үшін шынайы алғысын білдіреді.

    Мықты денсаулық, амандық, шығармашылық шабыт және кәсіби қызметте толағай табыстар тілейміз!

    Еңбегі білім саласының дамуына және жас ұрпақтың тәрбиесіне үлес қосып жүрген ұстаздарымызды мақтан тұтамыз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысы білім беру басқармасының "Успен ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары