Жетісу облысында полиция қызметкерлері қараусыз жүрген төрт түлік малдың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.
Тәртіп сақшылары елді мекендер мен ауылдық округтерде мал иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мал жаю ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертуде.
Қараусыз жүрген малдың автокөлік жолдарына кенеттен шығып кетуі ауыр жол-көлік оқиғаларына себеп болып, жүргізушілер мен жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
Осыған байланысты полиция қызметкерлері тұрғындарды төрт түлік малды бақылаусыз жібермеуге, олардың жол бойында жүруіне жол бермеуге және жайылым кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.
Полиция мал иелеріне жануарларды қараусыз қалдыру заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Құрметті Жетісу облысының тұрғындары! Малдың қараусыз жүруі орны толмас қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Сондықтан өздеріңіздің және өзгелердің қауіпсіздігі үшін төрт түлік малдарыңызға жауапкершілікпен қараңыздар!
Заң мен тәртіпті сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









