Талдықорғанда мас күйінде көлік басқарған жүргізуші 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

    1 / 2

    Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері таңғы уақытта алкогольдік масаң күйде көлік басқарған 55 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады.

    Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

    Жыл басынан бері Жетісу облысының аумағында масаң күйде көлік басқарудың 358 дерегі анықталды. Құқық бұзушылар көлік құралдарын басқару құқығынан айырылып, әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікке тартылды.

    Жетісу облысының полициясы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында мас жүргізушілерді анықтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.

    Құрметті жүргізушілер!

    Масаң күйде көлік басқару – жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына төнетін үлкен қауіп екенін еске саламыз.

    Алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін көлік тізгініне отырмаңыздар! Бір ғана жауапсыз әрекет орны толмас қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін ұмытпаңыздар.

    Жолдағы заң мен тәртіпті сақтау – баршамыздың қауіпсіздігіміздің кепілі!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары