Есенов университетінде интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    Есенов университетінде интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    4 қыркүйек күні Мұнайшылар күні қарсаңында Есенов университетінде Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет алаяқтықтың алдын алу бағытында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шара барысында студенттер мен университет қызметкерлеріне интернет кеңістігінде жиі кездесетін алаяқтық тәсілдері туралы ақпарат беріліп, қылмыскерлердің арбауына түспеу жолдары түсіндірілді.

    Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері азаматтарға белгісіз тұлғалардың қоңыраулары мен хабарламаларына сақтықпен қарауды, банк картасының деректері мен SMS арқылы келетін растау кодтарын бөгде адамдарға бермеуді ескертті.

    Сонымен қатар әлеуметтік желілер мен интернет платформаларын пайдалану кезінде жеке мәліметтердің қауіпсіздігіне мән беріп, күмәнді сілтемелерге өтпеу және бейтаныс адамдардың ұсыныстарына сенбеу қажеттігі түсіндірілді.

    Мұндай профилактикалық іс-шаралар азаматтардың киберсауаттылығын арттыруға және интернет алаяқтықтың алдын алуға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары