
Қабанбай ауылдық мәдениет үйінде «Әлемдегі сауаттылық деңгейі» тақырыбында ақпараттық тренинг ұйымдастырылды.
Тренинг барысында қатысушыларға әлем елдеріндегі сауаттылық деңгейі, білімнің адам өміріндегі маңызы және қоғамның дамуына әсері туралы ақпараттар берілді.
Сонымен қатар сауаттылықтың тек оқу мен жазуды меңгерумен шектелмей, ақпаратты дұрыс қабылдау, талдау, сыни ойлау және заманауи технологияларды тиімді пайдалана білумен тығыз байланысты екені түсіндірілді.
Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, сауаттылықты арттырудың маңызы жөнінде пікір алмасты.







