Қызметкерлер — «Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі

    «Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    4
    Табылдин Мағжан Еренгайыпович
    Басқарма басшысы

    Табылдин Мағжан Еренгайыпович

    Басқарма басшысы

    Магжан Табылдин, 1990 жылы туған. Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.

    Өтегенов Жұмажан Әбдімажитұлы
    Басқарма басшысының орынбасары

    Өтегенов Жұмажан Әбдімажитұлы

    Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары

    1992 жылы Қарағанды облысының Ұлытау ауданында дүниеге келген. Білімі: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, құқықтану (бакалавриат); «Тұран-Астана» университеті, құқықтану (магистратура).

    Жанпейсова Эльмира Сәрсенбайқызы
    Бөлім басшысы

    Жанпейсова Эльмира Сәрсенбайқызы

    Архив ісі, тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы

    Жанпейсова Эльмира Сәрсенбайқызы Бөлім басшысы Туылған күні: 21.01.1979 жыл Туылған жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарсақпай кенті Білімі: 2004ж. - Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мамандығы «Құжаттану және басқаруды кұжаттамалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша» 2018 ж. – «Болашақ» академиясы – мамандығы «Юриспруденция» Мансап: 14.11.1996ж.- 01.09.1999ж. - Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының госпитальдық хирургия кафедрасының лаборанты 01.09.1999ж-30.09.2000ж. - Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясының Имунология және аллергология курсы бойынша онкология кафедрасының лаборанты 16.11.2000ж - 04.12.2000ж. - Сәтбаев қаласының халық әлеуметтік қорғау басқармасының хатшы-машинист басушы 04.12.2000ж - 20.02.2002ж. - Сәтбаев қалалық орталық кітапханасының кітапханашысы 20.02.2002ж - 05.07.2004ж - Сәтбаев қалалық орталық кітапханаының орта деңгейдегі бас маманы 05.07.2004ж. - 01.11.2009ж. - Сәтбаев қалалық орталық кітапханасының жоғары деңгейлі кітапханашысы 01.11.2009ж - 01.02.2011ж - Сәтбаев қалалық орталық кітапханасының әдіскері 01.02.2011ж. - 28.01.2014 - Сәтбаев қалалық орталық кітапханасының ақпараттық-әдістемелік бөлімінің жетекшісі 28.01.2014ж - 02.03.2020ж - «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маман 02.03.2020 ж. - 01.08.2022 ж.ж. - «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы 17.08.2022 ж. - Ұлытау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы архив қызметі бөлімінің басшысы

    Тіл саясатыОномастика
    Алшимбаева Данагуль Байзаковна
    Бөлім басшысы

    Алшимбаева Данагуль Байзаковна

    Мәдениет және өнер бөлімінің басшысы

    Алшимбаева Данагуль Байзаковна Мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Туылған күні: 1989 жылғы 8 сәуiр Туылған жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы Жезқазған қаласы Білімі: жоғары. 2011 жыл - Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.

    МәдениетӨнер

    Басқа қызметкерлер

    16
    Жингилбаев Аян Ашимович
    Басшы

    Жингилбаев Аян Ашимович

    Руководитель КГУ «Государственный архив города Сатпаев»

    Мен, Жингилбаев Аян Ашимович 1987 жылы 31 шілдеде Ұлытау ауданы Ұлытау селосында дүниеге келдім. Ұлтым-қазақ. Ұлытау селосының №1 орта мектебіне 1993 жылы 1 сыныбына қабылдандым. 2004 жылы 11 сыныпты бітірдім. 2004 жылы А.О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетіне «Тарих» факультетіне түсіп, 2008 жылы «Тарих» бакалаврын аяқтадым.

    Архивтер
    Бозмагамбетов Айдос Тулеуович
    Басшы

    Бозмагамбетов Айдос Тулеуович

    "Жаңаарқа ауданының мемлекеттік архиві"ММ басшысы

    Мен, Бозмагамбетов Айдос Тулеуович 1981 жылы 11 қазанда Атасу кенті Жаңаарқа ауданы Қарағанды облысында дүниеге келдім. 1988 жылдан 1999 жылға дейін Ю.Гагарин атындағы орта мектепте оқыдым. 1999 жылы Қарағанды қаласындағы Қазақстан экономика және құқық институтына заңгер мамандығы бойынша оқуға түстім, 2003 жылы бітірдім. 2012 жылдан 2014 жылға дейін "Заманауи көпсалалы колледж" ЖМ" іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану"мамандығы бойынша оқыдым.

    Архивтер
    Касимов Талгат Аяпбергенович
    Басшы

    Касимов Талгат Аяпбергенович

    «Қаражал қаласының мемлекеттік архиві» КММ басшысы

    Мен, Касимов Талгат Аяпбергенович 1978 жылы 10 қаңтарда Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында дүниеге келдім. Ұлтым-қазақ. А.О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін география пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірдім.

    Архивтер
    Рыспаева Гульмира Сериковна
    Басшы

    Рыспаева Гульмира Сериковна

    «Ұлытау ауданының мемлекеттік архиві» КММ басшысы

    Мен, Рыспаева Гульмира Сериковна, 1970 жылғы 25 қарашада Жезқазған облысы, Жезқазған қаласында дүниеге келдім. 1986 жылы №1 Жезқазған қаласының орта мекебін тәмамдап, 1988 жылы Жезқазған орта №15 профессионалдық училищесін «кондитер» мамандығы бойынша бітірдім.

    Архивтер
    Торежанов Бакытбек Сейтказинович
    Басшы

    Торежанов Бакытбек Сейтказинович

    «Ұлытау облысының мемлекеттік архиві» КММ басшысы

    Мен, Төрежанов Бақытбек Сейтқазыұлы 1968 жылдың 29 маусымында Қарағанды облысы, Жезді ауданы, Сарыкеңгір кеңшарында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. 1993 жылы Жезқазған педагогикалық институтын қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша аяқтадым.

    Тлеулинов Құрмет Жалаулыұлы
    Басшы

    Тлеулинов Құрмет Жалаулыұлы

    «Ұлытау облыстық тілдерді дамыту орталығы» КММ басшысы

    Құрмет Жалаулыұлы Тлеулинов 1992 жылдың 4 қазанында Ұлытау ауданы, Аманкелді ауылында дүниеге келген. 1999 жылы №3 Аманкелді орта мектебінің 1-сыныбына қабылданып, 2010 жылы мектепті аяқтады. Сол жылы Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетіне «Экономика» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2014 жылы бітірді. 2014 жылы білімін жалғастырып, магистратураға түсіп, 2016 жылы тәмамдады. Бүгінде – экономика ғылымдарының магистрі.

    Тіл саясаты
    Рахмания Айболат Рахманияұлы
    Басшы

    Рахмания Айболат Рахманияұлы

    «Мәкен Төрегелдин атындағы Жезді кентіндегі тау-кен және балқыту ісі тарихы музейі» КМҚК басшысы

    1992 жылғы 22 шілдеде Ұлытау ауданында туған. Білімі: 2014 жыл - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Мәдениеттану мамандығы; 2016 жыл - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Дінтану мамандығы; 2022 жыл - Академик Е.Б. атындағы Қарағанды университеті Құқықтану мамандығы.

    Тарихи ескерткіштер
    Абдушарипова Карагоз Аллаяровна
    Басшы

    Абдушарипова Карагоз Аллаяровна

    «Тайжан Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясы» КМҚК басшысы

    Абдушарипова Қарагөз Аллаяровна 1986 жылы 2 мамырда Сәтбаев қаласында (қазіргі Ұлытау облысы) шахтер отбасында дүниеге келген. Жылдар Оқыған / Жұмыс істеген орны Қызметі, мамандығы 1992–2003 Сәтбаев қ. №4 Абай атындағы орта мектеп; Кенгір а. №2 орта мектеп, Жезқазған қ. маңы Оқу 2003–2010 Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы 1) Вокал пәнінің педагогы2) Опера әншісі

    Мәдениет
    Шимбергенов Рахат Таханович
    Басшы

    Шимбергенов Рахат Таханович

    "Ұлытау ауданының тарихи-өлкетану музейі" КМҚК басшысы

    Мен, Шымбергенов Рахат Таханұлы , 1969 жылғы 5 желтоқсанда Жезқазған облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Қылмыстық жауапкершілікке тартылған емеспін. 1976 жылы №1 Ұлытау орта мектебіне барып, 1986 жылы аталған мектепті бітірдім. Сол жылы Жезқазған педагогикалық институтының Көркем-сурет факультетіне қабылданып, 1993 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы педагогикалық университеттің Көркем-сурет факультетін аяқтадым. 1988–1989 жылдары әскер қатарында болып, азаматтық борышымды өтедім.

    Мәдениет
    Бақытұлы Мұхтар .
    Басшы

    Бақытұлы Мұхтар .

    "Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы" КММ басшысы

    Мұхтар Бақытұлы 1975 жылы 23 шілдеде Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Жезді кентінде дүниеге келген. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бакалавр дәрежесімен тәмамдап, 2007 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде «Қаржы және несие» мамандығы бойынша экономист біліктілігін алды.

    МәдениетӨнер
    Сәкен Досхан Сәкенұлы
    Басшы

    Сәкен Досхан Сәкенұлы

    "С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театры" КМҚК басшысы

    Сәкен Досхан Сәкенұлы – театр өнері, мәдениет менеджменті және қоғамдық қызмет саласында тәжірибесі мол мәдениет қайраткері. 1988 жылдың 3 қаңтарында дүниеге келген. Білім және кәсіби дайындық Сәкен Сәкенұлы алғашқы жоғары білімін 2007 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Театр актері» мамандығы бойынша алды. Кейінгі жылдары бірнеше бағытта кәсіби дамуын жалғастырып: – 2016 ж. – Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет, құқықтану бакалавры – 2021 ж. – «Қайнар» академиясы, экономика магистрі – Театртану бойынша сырттай білім – Уфа мемлекеттік өнер институты Орыс тілін еркін меңгерген, ағылшын тілін сөздікпен аудара алады.

    Шубаев Ерболат Берікұлы
    Басшы

    Шубаев Ерболат Берікұлы

    "Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейі" КМҚП басшысы

    Мен, Ерболат Шубаев Берікұлы 17.05.1977 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылында дүниеге келдім. 1994жылы Жаңаарқа ауданының қазіргі О.Жұмабеков атындағы орта мектебін оқып бітірдім. 1994 жылы Жезқазған қаласындағы Жезқазған педагогикалық институтына түсіп, 1998 жылы Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің тарих пәнінің мұғалімі мамандығын бітірдім. 2003 жылы Қарағанды облысы Сәтпаев қаласының № 3 кәсіптік мектебінің экскаватор машинисінің көмекшісі мамандығын оқып бітірдім.

    Мәдениет
    Калменова Загира Шорина
    Басшы

    Калменова Загира Шорина

    "Жезқазған тарихи-археологиялық музейі көрме залымен" КМҚК басшысы

    Мен, Калменова Загира Шорина 1970 жылдың 24 маусымында Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Қызылжар станциясында дүниеге келдім. 1987 жылы Жайрем поселкесіндегі № 10 орта мектебін аяқтадым.

    МәдениетӨнер
    Елубекова Кайыргуль Туякбаевна
    Басшы

    Елубекова Кайыргуль Туякбаевна

    «Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасы» КММ басшысы

    Мен, Елубекова Қайыргүл Тұяқбайқызы , 1970 жылы 25 қыркүйекте Қарағанды облысы, Ағадыр ауданы, Ақшатау ауылында дүниеге келдім. Орта мектепті бітірген соң Жезқазған мәдени-ағарту училищесінде «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша оқуға түстім. Кейіннен Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша жоғары білім алдым. Мәдениет пен өнер саласының дамуына қосқан үлесім үшін келесі марапаттарға ие болдым: ҚР «Кітапхана ісінің үздігі» (2016 ж.); ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі (2023 ж.); «Еңбек даңқы» төсбелгісі, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы (2025 ж.); ҚР Құрмет грамотасы (2022 ж.); Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасы (2012 ж.); Қарағанды облыстық мәдениет департаментінің Құрмет грамотасы (2004 ж.); Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хаты (2019 ж.); Жезқазған қаласы әкімінің Құрмет грамотасы (2009 ж.), Дипломы (2013 ж.), Алғыс хаты (2000 ж.); Жезқазған қаласы мәдениет бөлімі мен тілдерді дамыту бөлімінің бірнеше Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталары.

    Абдуалиева Қаламқас Қадірбайқызы
    Бастық

    Абдуалиева Қаламқас Қадірбайқызы

    Басшы

    Абдуалиева Қаламқас Қадірбайқызы — мәдениет, әлеуметтік қолдау және ішкі саясат саласында ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан басшы, қоғам қайраткері. 1973 жылғы 1 наурызда дүниеге келген. Жезқазған қаласында тұрады. О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті филология факультетін «орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолында әлеуметтік сала, мәдениет, әйелдер мен отбасыларды қолдау, қоғамдық даму бағыттарында нәтижелі қызмет атқарды.

    Абдуалиева Каламкас Кадирбаевна
    Басшы

    Абдуалиева Каламкас Кадирбаевна

    Басшы

    Абдуалиева Қаламқас Қадірбайқызы — мәдениет, әлеуметтік қолдау және ішкі саясат саласында ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан басшы, қоғам қайраткері. 1973 жылғы 1 наурызда дүниеге келген. Жезқазған қаласында тұрады. О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті филология факультетін «орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдаған.