
Бақытұлы Мұхтар .
"Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы" КММ басшысы
Өмірбаян
Мұхтар Бақытұлы 1975 жылы 23 шілдеде Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Жезді кентінде дүниеге келген. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бакалавр дәрежесімен тәмамдап, 2007 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде «Қаржы және несие» мамандығы бойынша экономист біліктілігін алды.
Еңбек жолын 1996–1997 жылдары Жезқазған облыстық тарихи-өлкетану музейінде тарих және этнография бөлімінің меңгерушісі болып бастады. 1997–1999 жылдары Жезді кентіндегі орта мектепте тарих пәнінен сабақ берді. 2003–2007 жылдары Сәтбаев қаласында N25 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі ретінде еңбек етті. 2008–2013 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысып, «Мұхтар» ЖК директоры болды. 2013 жылы қайтадан ұстаздық салаға оралып, 2022 жылға дейін Сәтбаев қаласындағы N25 мектепте тарихтан дәріс берді. 2023–2024 жылдары Ұлытау өңіріндегі «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2024 жылдан бастап Ұлытау облысының «Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы» коммуналдық мекемесінің директоры қызметін атқарып келеді.
Оның кәсіби қызметінің негізгі бағыты – тарихи-мәдени мұраны қорғау, ғылыми археологиялық зерттеулер жүргізу, мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру (реставрациялау) және тарихи ескерткіштерге цифрлық паспорттар жасау. Мұхтар Бақытұлы өңірдегі көптеген ғылыми-реставрациялық жұмыстарға жетекшілік етіп, тарихи мұраны сақтау бағытта жұмыс жасайды.
Мұхтар Бақытұлы 2018 жылы жарық көрген «Британец Карсакбай», 2019 жылғы "Средневековые дворцы и поселения Улытау", 2021 жылғы "Кочевническая история Улытау" және "Жылкелді руының тарихы" , 2023 жылғы "Ұлытау-нама" кітаптарының және өлкетану тақырыбындағы бірнеше мақаланың авторы.





