
Жингилбаев Аян Ашимович
Руководитель КГУ «Государственный архив города Сатпаев»
Өмірбаян
Мен, Жингилбаев Аян Ашимович 1987 жылы 31 шілдеде Ұлытау ауданы Ұлытау селосында дүниеге келдім. Ұлтым-қазақ. Ұлытау селосының №1 орта мектебіне 1993 жылы 1 сыныбына қабылдандым. 2004 жылы 11 сыныпты бітірдім.
2004 жылы А.О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетіне «Тарих» факультетіне түсіп, 2008 жылы «Тарих» бакалаврын аяқтадым.
Еңбек жолын 2010-2011 жылдары «Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ –де әлеуметтік қызмет бойынша кеңесшісі болып жұмыс атқардым. 2012 жылы Қарағанды экокномикалық университетінің «Экономика және бизнес» факультетіне түсіп, 2014 жылы аяқтадым.
2014-2015 жылдар аралығында Жезқазған аймақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директор орынбасары қызметін атқардым.
2015 -2024 жылдар аралығында «Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ –де «Жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің» бөлім басшысы қызметін атқардым. Үйленгенмін отбасым бар.
2025 жылдан осы уақытқа дейін «Сәтбаев қаласының мемлекеттік архиві» КММ –де басшы қызметін атқарамын.
Жалпы жұмыс өтілі 14 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда 11 жылдан астам.





