Абдуалиева Қаламқас Қадірбайқызы

    Басшы

    Өмірбаян

    Абдуалиева Қаламқас Қадірбайқызы — мәдениет, әлеуметтік қолдау және ішкі саясат саласында ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан басшы, қоғам қайраткері.

    1973 жылғы 1 наурызда дүниеге келген. Жезқазған қаласында тұрады.

    О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті филология факультетін «орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолында әлеуметтік сала, мәдениет, әйелдер мен отбасыларды қолдау, қоғамдық даму бағыттарында нәтижелі қызмет атқарды.

    2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ұлытау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Облыстық мәдени-демалыс және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының басшысы қызметін атқарады.

    2022–2025 жылдары Ұлытау облысы Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы болды.

    2013–2022 жылдары «Әлеуметтік қолдау “Аяулым”» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, сондай-ақ Сәтбаев қаласындағы «Шаңырақ» дағдарыс орталығының директоры қызметтерін атқарып, қиын жағдайға тап болған әйелдер мен отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету бағытында еңбек етті.

    2009–2013 жылдары Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы Жезқазған филиалы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері