Шимбергенов Рахат Таханович

    "Ұлытау ауданының тарихи-өлкетану музейі" КМҚК басшысы

    Шимбергенов Рахат Таханович
    Руководитель

    Шимбергенов Рахат Таханович

    "Ұлытау ауданының тарихи-өлкетану музейі" КМҚК басшысы

    Өмірбаян

    Мен, Шымбергенов Рахат Таханұлы, 1969 жылғы 5 желтоқсанда Жезқазған облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Қылмыстық жауапкершілікке тартылған емеспін.

    1976 жылы №1 Ұлытау орта мектебіне барып, 1986 жылы аталған мектепті бітірдім.
    Сол жылы Жезқазған педагогикалық институтының Көркем-сурет факультетіне қабылданып, 1993 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы педагогикалық университеттің Көркем-сурет факультетін аяқтадым.

    1988–1989 жылдары әскер қатарында болып, азаматтық борышымды өтедім.

    1993–1995 жылдары “Жалғас” жеке шағын кәсіпорнының басшысы қызметін атқардым.
    1995 жылдан бастап Ұлытау ауданы әкімінің жалпы бөлім меңгерушісі болып еңбек еттім.
    1998–2001 жылдары Ұлытау ауылының әкімі қызметін атқардым.

    2000–2003 жылдары Қазақ-Ресей гуманитарлық университетінде білім алып, “Заңгер” мамандығы бойынша жоғары білім алдым.
    2003–2016 жылдары Ұлытау ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі және орынбасары қызметтерін атқардым.
    2016 жылы прокуратура саласынан зейнеткерлікке шықтым.
    2023 жылдан бері Ұлытау аудандық тарихи-өлкетану музейінің басшысы қызметін атқарып келемін.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері