
Сәкен Досхан Сәкенұлы
"С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театры" КМҚК басшысы
Өмірбаян
Сәкен Досхан Сәкенұлы – театр өнері, мәдениет менеджменті және қоғамдық қызмет саласында тәжірибесі мол мәдениет қайраткері. 1988 жылдың 3 қаңтарында дүниеге келген.
Білім және кәсіби дайындық
Сәкен Сәкенұлы алғашқы жоғары білімін 2007 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Театр актері» мамандығы бойынша алды.
Кейінгі жылдары бірнеше бағытта кәсіби дамуын жалғастырып:
– 2016 ж. – Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет, құқықтану бакалавры
– 2021 ж. – «Қайнар» академиясы, экономика магистрі
– Театртану бойынша сырттай білім – Уфа мемлекеттік өнер институты
Орыс тілін еркін меңгерген, ағылшын тілін сөздікпен аудара алады.
Еңбек жолы
Өнер, шығармашылық индустрия және мәдени ұйымдарды басқару саласындағы еңбек тәжірибесі мол. Әр жылдары келесі қызметтерді атқарды:
– «Jas-Art» шығармашылық орталығының жетекшісі (2008–2009)
– Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының «Шығармашылық лабораториясы» продюсері (2008–2009)
– «Қазығұртфильм» ЖШС арт-директоры (2011–2013)
– «Алашұлы» этно тобының PR директоры (2013–2016)
– «CINEMA COMPANY 28» ЖШС директоры (2016–2018)
– М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директор орынбасары (2019–2020)
– «Қазақстандық интеллектуалдық меншікті басқару қоғамы» РҚБ атқарушы директоры (2020)
2020 жылдан бастап – С. Қожамқұлов атындағы Ұлытау облыстық қазақ музыкалық драма театрының басшысы.
Қоғамдық қызмет
– Ұлытау облысының VIII шақырылымы Мәслихат депутаты
– Нұрсұлтан Назарбаев қорының «Мәдениет және ғылым» комиссиясының мүшесі





