Елубекова Кайыргуль Туякбаевна

    «Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасы» КММ басшысы

    Елубекова Кайыргуль Туякбаевна
    Руководитель

    Елубекова Кайыргуль Туякбаевна

    «Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасы» КММ басшысы

    Өмірбаян

    Мен, Елубекова Қайыргүл Тұяқбайқызы, 1970 жылы 25 қыркүйекте Қарағанды облысы, Ағадыр ауданы, Ақшатау ауылында дүниеге келдім.
    Орта мектепті бітірген соң Жезқазған мәдени-ағарту училищесінде «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша оқуға түстім. Кейіннен Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша жоғары білім алдым.

    Мәдениет пен өнер саласының дамуына қосқан үлесім үшін келесі марапаттарға ие болдым:

    • ҚР «Кітапхана ісінің үздігі» (2016 ж.);
    • ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі (2023 ж.);
    • «Еңбек даңқы» төсбелгісі, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы (2025 ж.);
    • ҚР Құрмет грамотасы (2022 ж.);
    • Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасы (2012 ж.);
    • Қарағанды облыстық мәдениет департаментінің Құрмет грамотасы (2004 ж.);
    • Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хаты (2019 ж.);
    • Жезқазған қаласы әкімінің Құрмет грамотасы (2009 ж.), Дипломы (2013 ж.), Алғыс хаты (2000 ж.);
    • Жезқазған қаласы мәдениет бөлімі мен тілдерді дамыту бөлімінің бірнеше Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталары.

    Еңбек жолымды 1991 жылы Жезқазған облыстық балалар кітапханасында кітапханашы ретінде бастадым.

    1997–2006 жылдары Жезқазған қалалық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқардым.

    2006–2007 жылдары «Жезқазған қалалық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» КММ директоры қызметін атқардым.

    2007–2009 жылдары М. Әуезов атындағы Жезқазған қалалық орталық кітапханасындаоқ ырмандармен жұмыс бөлімінің жетекшісі болдым.

    2009 жылы «Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ құрылуына байланысты кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалдым.

    2022–2023 жылдары осы мекемеде директордың орынбасары қызметін атқардым.

    2022 жылы Ұлытау облысы құрылғаннан кейін, 2023 жылдың 4 қаңтарынан бастап «Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасы» КММ басшысының орынбасары,
    ал 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап басшысы болып қызмет атқарып келемін.

    Жалпы еңбек өтілім 38 жыл, оның ішінде кітапхана саласындағы еңбек өтілім 34 жыл.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері