Калменова Загира Шорина

    "Жезқазған тарихи-археологиялық музейі көрме залымен" КМҚК басшысы

    Калменова Загира Шорина
    Руководитель

    Калменова Загира Шорина

    "Жезқазған тарихи-археологиялық музейі көрме залымен" КМҚК басшысы

    Өмірбаян

    Мен, Калменова Загира Шорина 1970 жылдың 24 маусымында Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Қызылжар станциясында дүниеге келдім.

    1987 жылы Жайрем поселкесіндегі № 10 орта мектебін аяқтадым.

    1987-1988 жылдары Жайрем поселкесіндегі балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істедім.

    1988-1993 жылдары Жезқазған облыстық тарихи-өлкетану (бұрынғы атауы) музейде хатшы болып жұмыс істедім.

    1991-1996 жылдары Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеттің филология факультетіне оқуға түсіп, ойдағыдай аяқтадым.

    1993-2001 жылдар аралығында – Жезқазған облыстық тілдерді дамыту басқармасында хатшы, Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің тілдер факультетінде лаборант болып жұмыс атқардым.

    2001 жылдан Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде қор бөлімнің кіші ғылыми қызметкерінен бастап, ғылыми, аға ғылыми қызметкеріне дейін жұмыс атқардым.

    2013 жылы Жезқазған тарихи-археологиялық музейдің көркем-көрме бөлімінің басшысы қызметін атқардым.

    2017 жылы Жезқазған тарихи-археологиялық музей басшысының орынбасары болып тағайындалдым.

    2023 жылдың сәуір айынан бастап Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейдің басшысы қызметін атқарудамын.

    Облыстық және қалалық іс-шараларға, қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаным үшін бірнеше Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен, Жезқазған қаласы әкімінің «Жылдың үздік мұражай қызметкері» номинациясымен марапатталдым. «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерімін.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері