
Шубаев Ерболат Берікұлы
"Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейі" КМҚП басшысы
Өмірбаян
Мен, Ерболат Шубаев Берікұлы 17.05.1977 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылында дүниеге келдім.
1994жылы Жаңаарқа ауданының қазіргі О.Жұмабеков атындағы орта мектебін оқып бітірдім.
1994 жылы Жезқазған қаласындағы Жезқазған педагогикалық институтына түсіп, 1998 жылы Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің тарих пәнінің мұғалімі мамандығын бітірдім.
2003 жылы Қарағанды облысы Сәтпаев қаласының № 3 кәсіптік мектебінің экскаватор машинисінің көмекшісі мамандығын оқып бітірдім.
02.05.2001 жылы еңбекпен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне жұмысқа тұрдым. Әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істедім. 05.05.2006 жылы Жомарт кен байыту фабрикасына карьеріне экскаватор машинисінің көмекшісі болып жұмысқа тұрдым.
Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи - өлкетану музейінде 2008 жылдан бері жұмыс істейді. Музей саласында 17 жылдан астам еңбек етіп келемін.
Мамандық біліктілікті арттыруға Қарағанды облыстық музейінде 2 рет курстық оқуда болдым.
Еңбек жолында 2008 жылы «Ашық Азия – Ашық музей» атты ІІ фестиваліне қатысып Сертификатқа ие болдым.
2009 жылы Қарағанды облыстық музейінің ұйымдастыруымен «Музей көктемі» атты фестиваліне қатысып өз тәжірибесін көрсетіп Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейі ІІІ дәрежелі Дипломға ие болдым.
2012 жылы отбасын құрып, бүгінгі таңда 4 баланың әкесімін.
2012 жылы Қарағанды облыстық музейінің 80 жылдық мерейтойына орай «Тарих беттері сыр шертеді» атты фестивальға қатысып өз үлесін қостым.
2014 жылы «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының «Жаңғырық» интеллектуалдық сайысында «Арқа» тобының капитаны ретінде қатысып үздік деп танылып Дипломмен марапатталдым.
Жаңаарқа ауданы әкімі мен мәслихаттың Құрмет грамотасымен және Жаңаарқа ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталдым.
Қоғам қайраткері, дауылпаз ақын, жерлесіміз Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық және Жаңаарқа ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне зор үлес қосқаны үшін Жаңаарқа ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталдым.
2020 жылдың 12 тамыз күнінен бастап Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи - өлкетану музейінің басшысы болып тағайындалдым.





